Облыс әкімінің грантымен

Бүгінгі таңда еліміздің жетекші жоғары медициналық оқу орындарында облыс әкімінің гранты бойынша 116 студент оқиды.

Бұл бағалы бастама 2015 жылдан бері жалғасып келеді. Өңір басшысының тікелей тапсырмасы бойынша аудандар мен қала әкімдері жоғары білікті дәрігер мамандығын алу үшін әр жыл сайын 120 түлекті оқуға жіберуге міндетті. Өзінің алғашқы студенттік өміріндегі қуанышымен Астана медициналық университетінің бірінші курс студенті Ілияс Рамазанов былайша бөлісті: «Медицина университеттерінде тегін оқу мүмкіндігі барын мен мектеп қабырғасында- ақ естіп-білгенмін. Мұндай ізгілікті қамқорлық мені қатты жігерлендіреді. Емтихандарды ойдағыдай тапсырған соң медицина университетіне түсуге бақ сынадым. Жолым болып, қазір осында оқып жүрмін. Алты жылдан кейін өзімнің туған Көкшетауыма жоғары білікті стоматолог-дәрігер болып ораламын». Грантпен оқыған жас мамандар міндетті түрде өз облысымыздың денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін болады. Өткен жылы 359 медицина мамандары қызметке келгенімен, кадр жетіспеушілігінде зәрушілік байқалады.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс