Обыр – дауасыз дерт емес

Көкшетау қаласындағы көп-бейінді облыстық аурухананың онкологиялық қызметі жатыр мойны-ның обыры ісігіне қарсы онкүндік жариялады. Осы күндері 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер дәрі-герлерге көрініп, скринингтен өтті.

Облыста әйелдер арасында кездесетін қатерлі ісіктердің арасында жатыр мойнының обыры екінші орында. Аталған дерт 40 пен 44 жастағы нәзік жандылар арасында жиі кездеседі. Жыл сайын елімізде 1700 адам осы дерттің құрбаны болуда. Өткен жылы облыста 86 әйел қатерлі ісікке шалдығып, 38-і көз жұмған. Олардың 76 пайызы профилактикалық тексеріс кезінде анықталған. Егер дер кезінде емделсе, дәрігерлердің айтуына қарағанда, жатыр обырына шалдыққандардың өмірін бес жылға дейін ұзарту әбден мүмкін. Алдағы уақытта да алдын алу шаралары ұйымдастырылмақ. – Ешқандай жолдама қажет емес. Онкогинеколог тегін қабылдады. Скринингтен өткізді, – дейді облыстық көпбейінді ауруханасы директорының онкологиялық қызмет жөніндегі орынбасары Майя Әбдірахманова,– ең бастысы, ауруды ертерек анықтау. Өткен жылы облыстық аурухананың онкологиялық қызметі өңірдегі 30400 әйелді тексерістен өткізген. Оның 17-сінен қатерлі ісік белгілері анықталыпты. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін 11-16 жастағы қыздарға тұрмыс құрмай тұрып, қатерлі дертке қарсы екпе алуды ұсынады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий