Олжас, Анна, Денис алтын медаль иегерлері!

28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 додасында Қазақстан құрама командасы 2-ші орында келеді. Қазір қоржында 10 алтын, 3 күміс және 10 қола медаль бар.

Қысқы Универсиаданың тоғызыншы алтынын құрама қоржынына шаңғышылар салды. Ақмолалық Олжас Климин мен павлодарлық Анна Шевченко аралас командалық спринтте ерік пен жігердің нағыз үлгісін көрсетті. Еліміздің бетке ұстар фигурисі Денис Тен 266,97 балл жинап алтын медальды олжалады.

Айта кетейік, шаңғышылардың командалық спринті спортшылардың бір-бірін қолдауына байланысты. Бірі екіншісін жерге қаратпауы тиіс. Жарысты бастаған спортшы жеңісті жолға шыққан болса, командаластары оны әрі қарай қолдан бермеуі керек. Шаңғыдан өткен осы спринтте жарысты Анна Шевченко бастап, Олжас Климин оның жеңісті жолын жалғастырды. Қос саңлақ бір-біріне сай келіп, ресейліктер мен француздарды артқа тастап, Қазақстан құрамасының қоржынына 9-шы алтынды салды. Командалық спринттің екінші жұбында ақмолалық Ольга Мандрика мен Сергей Малышев 6-шы орыннан көрінді.
«Алматы-Арена» мұз айдынында ерлер арасында өткен мәнерлеп сырғанаудан жарыста еліміздің бетке ұстар фигурисі Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша бәрінен үздік шығып, өзінен кейін келе жатқан жапондық Кейджи Танака (89,05) мен ресейлік Артур Дмитриевтен (87.18) озып, 94,91 балл жинады. Қос бағдарламаны да жақсы нәтижемен аяқтаған Денис барлығы 266,97 балл жинап, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс