Омбыға қазақша оқулықтар жөнелтілді

Ресейдің Омбы қаласындағы 14 мектепте қазақ тілі қосымша пән ретінде оқытылады. Әрі бұл аймақтағы балабақша мен жоғары оқу орнында тіл үйірмелері жұмыс істейді. Бір өкініштісі, Омбыда қазақ тіліндегі оқулық жоқтың қасы. «Қазақстан» ұлттық арнасының Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Сағындық Мауғазин осы мәселені көтерген еді. Тіл мәселесіне бей-
жай қарай алмаған тіл жанашыры, көкшетаулық ұстаз Рауша Қалқаманқызы көмек сұрап, партияның облыстық филиалына келген болатын. Қабылдау жүргізген «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов тез арада бұл сұрақты шешудің жолын қарастырып, 110 кітапты Омбы қаласына жіберді. Бұл ретте таңдау білім беру ісінің үздігі Ольга Мырзагелдинованың 2000 жылдары жарық көрген орыс сыныбында қазақ тілін үйретуге арналған оқулығына түсті. Отыз жылдан артық қазақ балаларының қазақ тілін ұмытпауына жәрдемдесіп жүрген омбылық ұстаз Қарлығаш Қараманова кітаптарды қабылдап алғандығын айтып, нұротандықтарға алғысын жеткізді.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий