Онкологиялық орталық ашылды

Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесіне биыл 73,4 миллиард теңге қаржы бөлінсе, оның 14 миллиарды коронавируспен күресуге бағытталып отыр. Биыл ауруханалар мен емханаларды жөндеуге үлкен қаражат бөлінді. Сандықтау аудандық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Астрахан, Егіндікөл ауруханалары жөнделуде, онда мұндай жұмыстар бұрын жүргізілмеген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Авиценна-Бурабай» ЖШС толық жабдықталған 40 төсектік инфекциялық бөлімше ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен облыс орталығында 150 келушіге арналған онкологиялық орталық ашылды. «Орталықта заман талабына сай, заманауи жабдықтар орнатылып, білікті мамандар тартылған. Осылайша, бірлесіп өңірде сырқаттану бойынша жағдайды жақсартамыз деп сенемін», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев. Қазіргі заманғы емдеу мекемесінде қатерлі ісігі бар науқастарға, сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған адамдарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілетін болады. Орталықта заманауи медициналық жабдықтар – МРТ, КТ аппараттары, 3 жұмыс орнына арналған рентген аппараты, стереотаксис функциясы бар маммограф, сондай-ақ, эндоскопиялық жабдықтардың толық желісі бар. Қабылдау 8 мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінде медицина қызметкерлерін осында көшіру жұмыстары қолға алынып отыр. Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың директоры Нұрлан Жаровтың айтуынша, нысанда сырқаттану деңгейін төмендету үшін барлық жағдай жасалған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий