Онлайн адалдық сағаты өтті

Оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» тоқсан сайынғы республикалық акциясын өткізді. Төтенше жағдай жарияланғанға дейін бұл акция лекторлардың білім беру мекемелерінің оқушыларымен тікелей кездесуі арқылы өткізілген болатын. Алайда, қазіргі таңда «Адалдық сағаты» онлайн форматында өтті.
«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» – қазақ ақыны мен ағартушысының шығармашылығына арналған тақырыптағы республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, сондай-ақ, агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілімдер ұйымдастырылды. Ақмола облысында «Көкше» облыстық телеарнасында да екі тілде онлайн лекцияның көрсетілімі өтті. Аталған акция аясында республика бойынша жоғары оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды. Ақмола өңірінде акцияға 556 мектеп, 4 ЖОО және 34 колледж қатысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий