Онлайн қабылдаулар саны артқан

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалына хабарласып, түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша қоңырау шалатын тұрғындар саны 3,5 есеге артқан. Әсіресе, елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантин уақытында, яғни бірқатар мекемелер қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен кезде күрт артқан.
Айта кету керек, партия бүгінде тұрғындармен онлайн режимде, яғни жедел желі арқылы жұмыс істеуде. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақманат Ақниетқызының айтуынша аталған мекемеге күніне 30-дан аса адам хабарласады. Жыл басынан бері партияның қабылдау бөлмесіне 9 мың 500-ден аса тұрғын қоңырау шалған. Оның шамамен 80 пайызында – әлеуметтік мәселелер. «Хабарласатын тұрғындар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар азық-түлік көмегін алуға, «Біз біргеміз» қоры бойынша қалай көмек аламыз деп сұрайды. Әлеуметтік көмек 7 санат бойынша беріледі ғой. Олар жетімдер, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, соғыс ардагерлері, оларға теңестірілгендер, төмен мөлшерде зейнетақы алатындар… Және карантин уақытында қай жерден қандай дәрі табуға болады. Бағалары қандай деп сұрап қоңырау шалады», – дейді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының барлық қызметкерлері жұмыс орнында. Бірақ карантинге байланысты тұрғындарды тікелей қабылдау жоқ. Көмек онлайн сервис, яғни жедел желілер арқылы көрсетілуде. Хабарласатындардың тағы 20 пайызы анықтамалық сұрақтар бо-йынша қоңырау шалады екен. Үйінде интернет желісі жоқ жалғызбасты қариялар, кей орта буын өкілдері Электронды Үкімет порталы арқылы анықтамаларды қалай рәсімдеу қажеттігі туралы да жиі хабарласады. Оларға да барынша көмек көрсетілуде, – дейді нұротандықтар. Партияның облыстық филиалының жедел желі номері 25-63-93.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий