Ономастика комиссиясына ұсыныстар жасалды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 21 қазанда алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы болып, онда көшенің атауларын өзгерту жөнінде мәселе қаралды. Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Бауыржан Ғайса жаңадан тағайындалған қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Берік Қайырбекұлы Мақановты таныстырды.

Депутат Ғалымжан Копишевтің төрағалығымен өткен кезектен тыс IV сессияда Көкшетау қаласы, Станционный поселкесі мен Красный Яр селосындағы көшелер атауларын өзгерту жөнінде мәселе қаралды. Бұл мәселе сессияның күн тәртібіне шығарылмастан бұрын мәслихат депутаттары және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен 13 қазанда көпшілік тыңдауда талқыланған болатын. Осы жиында қабылданған №138 хаттамаға келісім бере отырып, Көкшетау қалалық әкімдігі мен мәслихаты мынадай бірлескен шешім қабылдады: Станционный поселкесіндегі Линейная көшесіне Оқжетпес атауын, Красный Яр селосындағы Совет көшесіне Тәуелсіздік атауын, Зеленая көшесіне Болашақ атауын, Ленин көшесіне Достық атауын, Застанционный поселкесіндегі Кирпичная көшесіне Ынтымақ атауын, Көкшетау қаласындағы ДСУ-15 көшесіне Хамит Ерғалиев есімін, Дачная көшесіне Қайым Мұхаметхановың есімін, Нефтебазовская көшесіне Каукен Кенжетаев есімін, Пионерская көшесіне Баубек Бұлқышев есімін беру жөнінде Ақмола әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясына ұсыныс жасау.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс