Оразбектің алтын медалі

Украинаның Бердичев қаласында ағайынды Кличколар жүлдесі үшін жастар арасында бокстан халықаралық жарыс өтті. Оған 14 елдің былғары қолғап шеберлері қатысты.
Қазақстанның жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте екі алтын, төрт қола медаль олжалап, екінші орынға ие болды. 52 келі салмақтағы көкшетаулық Оразбек Асылқұлов Белоруссия, Армения, Украина боксшыларымен төрт кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Сөйтіп, жерлесіміз алтыннан алқа тақты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс