Орнықты 30 қадам

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысында бұқаралық спортты дәріптеуге және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Орнықты 30 қадам» акциясы басталды. Ерекше акцияны дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы Жоғары спорт шеберлігі мектебі өткізеді. 

«Байқау ережелеріне сәйкес, қатысушылар облыс орталығының көшелерімен кез келген қашықтықты жаяу жүргіншінің қозғалысын тіркейтін қосымшада «30» саны болатындай етіп жүгіруі қажет», – деп атап өтті ведомстводан. Іс-шара ақпан айының соңына дейін өткізіледі. Барлық қатысушылар жеңілатлетикалық манежге бару үшін абонементтер алады. Еске сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу жоспары тақырыптық бөлімшеге айлар бойынша бөлінген, онда ақпан айы спорттық ай болып белгіленген. Мерекелік іс-шаралар жоспары «Құлагер» ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша түрлі спорттық шараларды, облыстық олимпиадалар мен Жастар бастамаларын өткізуді қамтиды. Жалпы, облыстық іс-шаралар жоспары аясында өңірде 5 000-нан астам іс-шара, оның ішінде 53 нысанды, яғни әлеуметтік сала мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды ашу және пайдалануға беру жоспарланған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий