Орталық ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Көкшетау қаласында облыстық прокуратураның құқық қорғау қызметін ұсынатын жаңа орталығы ашылды.

Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отырған бұл іс-шараның басты мақсаты әрбір азаматтың мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуын қамтамасыз ету. Осыған орай орталыққа кіреберісте ресепшн, қызмет түрімен кезек санын анықтайтын арнайы терминал, күту залы, балалармен барған жағдайда олардың ересектерге кедергі келтір-меу үшін ойнауға арналған бұрышы қарастырылған. Күту залында арнайы экраннан кезек саны және қай терезеге бару қажеттігі көрсетіліп тұрады. Операциялық залда сегіз терезе және мамандардың ақылдасу бөлмесі бар. Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Республикасы Бас Проку-ратурасының құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі ко-митетінің Ақмола облысы бойынша басқармасында бірыңғай әкімшілік құқықбұзушылық реестрінің тұсау-кесері де өткізілді. Енді әкімшілік құқық бұзғандарды полиция қызметкерлері тоқтатқаннан кейін уақыт кетіріп, хаттама толтырып жатпайды.
Арнайы планшетке жүктелген бағдарламаға еніп, құқық бұзушының ЖСН кодын енгізсе, ол жайында барлық мәліметтер толық шығады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий