Отандық бизнес «жасыл» экономикаға көшуге дайын

Қазақстанда жасыл технологияның 7 орталығы Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосылды. Жасыл технологияның Орталығы алғаш рет 2015 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы Аршалы ауданының Арнасай ауылында ашылған болатын. «Біздің орталыққа шетел қонақтары, барлық өңірлердің тұрғындары арнайы оқуға тартылды. 2015-2016 жылдары аралығында 4 мыңға жуық қатысушылар арнайы сабақтардан  өтті», — Галина Шнайдер. Аталған орталықты ашудың мақсаты-  Қазақстанның  «Жасыл» экономикаға көшуі Концепциясын іске асыруда халықаралық және қазақстандық ұйымдастырдың үлесін қосу. «Орталық оқыту сыныптары, 30 жатын орын, асхана, фитодиодтық жылыжай мен заманауи жылыжайдан тұрады»,-деп сөзін жалғастырды Т.Немцан. «Арнасай» орталығы инновациялық жобалардың технологиялық платформасы, «жасыл» технологияны енгізуде ғылыми-  зерттеу алаңы,   ЭКСПО-2017 көрмесінің кішігірім алаңы болып табылады. ЖТО жетекшісінің айтуынша, ресейлік  ГринПик компаниясының жобасы негізінде поликарбонаттан қоршалған үлкен биовегетария-жылыжайы тұрғызылды. Жертөледегі жылыжайда дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсімділігін арттыру үшін  фитодиодты жарық пен тамшылап суару жүйесі жүргізілген. Қазіргі таңда АҚШ технологиясы бойынша арнайы дәруменделген өсімдіктер өсірілуде. Орталықтың жертөле ғимаратында аквакмәдениеті бойынша жоба іске асырылуда. Яғни 60 шаршы метрлі жабық ғимаратта балықтарды өсірумен айналысуда.  Орталық 35 инновациялық «жасыл» технологиямен,  пиролизді жылытумен, күн батареясымен, жарықтандырумен, энерготиімді сорғыштармен жабдықталған. Ауылшаруашылығы бойынша біліктілікті көтеру үшін Органик Орталығы ашылды.

 

 

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс