Отандық рынокта – 25 жыл!

Облыс әкімі Сергей Кулагин 27 мамырда «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының ұжымын кәсіпорынның негізі қаланғанына 25 жыл толуымен құттықтап, бір топ еңбек ардагерлеріне Алғыс хаттарын тапсырды. Аталған шараға Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты. Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 100-ге тарта өнім түрлерін шығарады. Оның ішінде соңғы 15 жыл бойы «Тұран» брендімен («TURAN») Ресей Федерациясына минераDSC_9518лды сулар мен алкогольдік сусындарды тұрақты жеткізіп келеді. Алдағы уақытта зауыт «Asia Water» халықаралық холдингінің құрамында дамудың жаңа дәуірін бастағалы отыр. Кәсіпорында экологиялық таза аймақтардан бутилденген табиғи минералды суды шығару бойынша Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық маңызы бар ең үздік инновациялық қазақстандық кәсіпорынды құруға арналған жаһандық жаңғырту басталды. 2020 жылға дейін табиғи минералды судың жылына 400 миллион литрге дейін өндіріс қуатын арттыру жоспарлануда. Кәсіпорын жұмыс істеген уақыттан бері бюджетке 50 миллиард теңгеге жуық салық төлеген. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында осы кәсіпорыннан облыс бюджетіне 9,5 миллиард теңге салық түсті. Кәсіпорын оған қоса, әлеуметтік мәселеге ұдайы назар аударып келеді. Оған осында жұмыс істейтін 1 мыңға жуық жұмысшының қосып отырған үлесі зор.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс