Отандық өндіріске қолдау көрсетіледі

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин 2 қыркүйекте Аршалы ауданында болып, Жібек жолы селосындағы И.Құтпанұлы атындағы орта мектептегі Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Өңір басшысы білім ордасының күнделікті тыныс-тіршілігімен таныса келе, мұғалімдерді, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, көрші ауылдардан балаларды тасымалдау үшін жаңа автобус сатып алуға сертификат тапсырды. Аталған бұл мектеп 2011 жылы салынған болатын. Қазір мұнда 852 бала оқиды. Оның 121-і – 1-ші сынып шәкірттері.

IMG_5632Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Аршалы ауданындағы «Анар» астық қабылдау пунктінің ұн-макарон кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Елбасының тапсырмасы бойынша Астана төңірегінде азық-түлік белдігін дамыту мақсатында салынған бұл кәсіпорын ұнды өңдеп, макарон мен жайманың 11 түрін шығаруға бейімделген. Комбинат тәулігіне 170 тонна ұн өңдеуде. Мұнда қазіргі таңда 90 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Өңір басшысы өз сөзінде отандық өндірісті одан әрі өркендетудің маңыздылығын айта келе, облыс бойынша 11,4 миллиард теңгенің 12 жобасының жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті. Ет өндірісін дамытуға бағытталған осындай маңызды жобалардың бірі Макинка құс фабрикасының құрылысы. Оның қуаты 60 мың тонна құс етін өндіру. Бұл республикамыздағы үлкен көрсеткіш. Өңір басшысының қатысуымен жақында өткен қала активінің жиналысында атап көрсетілгеніндей, Көкшетау қаласының келбеті жылдан-жылға жасарып, адамдардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етуге барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы, жолдар жөнделіп, көпқабатты үйлердің маңайы абаттандырылуда. Демалыс орындарының маңын сәулеттік мүсіндермен безендіру де назардан тыс қалмаған. Жыл басынан бері қала аумағында 7,5 мың түп ағаш отырғызылып, 20 мың шаршы метр гүлзар жасалды. Келешекте жасыл желекті табиғат қорғау нормаларына сәйкестендіру үшін әлі де көптеген шараларды жүзеге асыру керек. Көпшілікті қатты алаңдатып отыр-ған тағы бір өзекті мәселе сауда орындарындағы азық-түлік тағамдарының бағасы. Тікелей қала әкімінің тапсырмасымен бұл мәселе де қатаң бақылауға алынған. Апта сайын тағамның негізгі түрлерінің бағасы бойынша мониторинг өткізіледі. Отандық өндіріске кең қолдау жасап, шағын және орта кәсіпкерлік нысанды дамыту адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде кең мүмкіндіктер туғызуда. Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың актив жиналысында атап көрсеткеніндей, жеті айдың ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының көмегімен 935 адам жұмысқа орналастырылды. Қала алдында тұрған өміршең міндеттерді тезірек шешу үшін атқарушы билік органдарымен бірлесе іс-қимыл танытуда жеке және заңды тұлғаларға жүктелер міндет те ауқымды. Олар өздеріне артылған сенімнің үдесінен шығып, міндет биігінен көрінсе екен дейміз. Сонда ғана Көкшетауымыз гүлденген, өркендеген шаһарға айналары сөзсіз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс