Отансүйгіштер арманы

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Елім – Мәңгілік Ел!» атты республикалық жастар акциясы өтті. Ондағы басты мақсат – түрлі аймақ жастарының тәуелсіздікке қосқан үлесін паш ету, ал басты белгісі – «Жастардың жетістігі – «Мәңгілік Ел» кітабы. Бастамашы – Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының «Қоғамдық келісім» республикалық бірлестігінің бас сарапшысы Максим Споткай.

Облыс жастары атынан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті, «Серпін» бағдарламасына қатысушы Керімбек Бексұлтан, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Зарина Цолоева, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Ислам Байрамов және Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің студенті Виктория Грудина сөз алды. Жалынды жастарымыздың болашақтың негізін қалаудағы өрелі істері, тәуелсіз елдің тұғырын биіктету және елімізді мәңгілік ету жолындағы талпыныстары баса айтылды. Жастар қозғалысының белсендісі Егор Тихонов ақмолалық жастар атынан Мемлекет басшысына арналған үндеуді оқыды. Акция соңында тәуелсіздіктің құрдастары «Жастардың жетістігі» – Мәңгілік ел» кітабын салтанатты түрде Астана қаласының өкілдеріне табыс етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс