Отанға адал қызмет етеміз!

«Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Әскерге шақырылушы күні» және әскери қызметке салтанатты шығарып салу рәсімі өткізілді. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар – Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті.

DSC_4820

Азаматтарды әскерге шақыру жастарға ұлтжандылық тәрбие беру жұмысын жақсартып, азаматтарды әскери қызметке шақырудың жалпымемлекеттік маңыздылығын көтеру үшін күз және көктем айлары кезінде жыл са-
йын өткізілетін ұлттық іс-шара болып табылады. Аталған акцияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң имиджін қалыптастыру, аға ұрпақтың жауынгерлік және ерлік дәстүрлеріне адалдықты дәріптеу. Іс-шараға әскерге шақырушылар, олардың ата-аналары, Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, ауғандық жауынгерлер, орта мектептердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Әскерге шақырушыларды Ақмола облысы әкімінің атынан жастар саясаты жөніндегі басқарманың жетекшісі Ринат Галлямов құттықтап, құрылғанына ширек ғасыр толған Қарулы Күштеріміздің жетістіктері жайлы әңгімеледі. Білікті де білімді кадрлармен толыққан, қару-жарақтың осызаманғы озық үлгілерімен жарақтанған әскерлеріміз еліміздің шекарасын қырағылықпен қорғауда. Осынау азаматтық өрелі міндеттерді абыроймен атқару жолында ақмолалық жас өрендер де алдыңғы шептен көрініп жүр. Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының қорғаныс істері департаментінің басшысы, полковник Жанат Ережепов, Ақмола облысының қарулы күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Елеусізов,«Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлер одағы» қоғамдық қорының төрағасы Дуанбай Ыбырай, әскерге шақырылушы Арман Болат сөз сөйледі. Шара соңында Ринат Галлямов және офицерлер облыс әкімінің атынан 40 өренге альбом, әскери-патриоттық үздік тәрбиеленушілерге берет сыйлады. Ал, мылтық ату жөніндегі қалалық турнирдің жеңімпаздары сыйлыққа винтовка алды. Ардагерлер мен болашақ Отан қорғаушылар мерекелік концертті тамашалады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс