Отанға адал қызмет етемін

22 шілдеде Тәуелсіздік алаңында №55/10 әскери бөлімде азаматтық борышын алғаш өтеуге келген жас сарбаздардың ант беру рәсімі болды. Аталған іс-шараға облыс әкімі Мәлік Мырзалин, қала әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, полковник Жанат Ережепов, жас жауынгерлердің туған-туыстары қатысты.   

Биыл еліміз Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 25 жылдығын салтанатпен атап өтуде. Ширек ғасыр еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын қызғыштай қорғап, егемен елімізбен бірге жасасып келеді. Осы аралықта ұлттық ұлан сапында сан мыңдаған сарбаздар Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеуде. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин №55/10 әскери бөлімінің жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімімен құттықтап, Мемлекет басшысы тарапынан қарулы күштеріміздің әскери даярлығын шыңдауға, қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалып отырған қамқорлықтары туралы айтты. Бұдан кейін әскери бөлімнің командирі Р. Темірханов, жас жауынгердің анасы Айнұр Қаспақбаева, жас сарбаз Нұрбек Өрісбай сөз сөйледі. Әскери бөлімнің карабиншілері қару-жарақпен сапта жүріп, өнерлерін көрсетті. Бұл абыройлы міндетті 3-ші атқыштар ротасының сержанты Ерболат Ғаппасовтың карабиншілері абыроймен орындады.  Дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат, жауынгерлік қызметтің үздігі, лейтенант Қайнар Әдіханов бастаған бір топ қатардағы жауынгерлер күрес, қолма қол айқас, самбо, таэквандодан қызықты спорттық жаттығу үлгілерін көрсетті. Салтанатты жағдайда сап түзеген жас сарбаздар кезек-кезек орталық алаңға шығып, өздерінің Отан алдындағы борышын адал атқару жөнінде ант берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс