Отбасылық бюджет – қаржылық сауаттылық кепілі

Көкшетауда Хоум Кредит Банктің қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Ирина Шейкина тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған семинар өткізді. Оның барысында қатысушылар жеке және отбасылық қаржыны басқару, жеке қаражатты тиімді түрде жоспарлау және басқару туралы ақпарат алды.

Хоум Кредит Банктің қаржылық сауаттылық бойынша жобаларды жүзеге асыруға бағытталған төрт жылдық жобасының қорытындысы бойынша Көкшетау ересектер мен балаларға арналған шаралар өткізу бойынша көшбасшы қала атанып отыр. Осы уақыт ішінде облыс орталығында 80-нен аса шаралар ұйымдастырылып, оған 5 мыңнан аса адам қатысқан.

Банк өкілінің айтуынша, тұрғындардың қаржы мәселелері туралы толық ақпараттандырылмауы күрделі экономикалық кезеңде ушығып кететіні белгілі. Дағдарыс кезінде қосымша қарыз салмағы пайда болады, бұл жинаған ақшаны қорғауға көмектесетін оңтайлы шешімдер қабылдау дәрменсіздігін тудырады. Қаржылық сауаттылық тақырыбында жазылған материалдар көп-ақ, алайда іс жүзінде қолдануға болатын құралдар мен күнделікті өмірде қажетке жарар әдіс-тәсілдер табу айтарлықтай қиын.

Аталған тақырыпқа қызығушылық және мұндай дағдыны меңгеру қажеттілігін түсіну Қазақстанда жыл өткен сайын артып келеді екен.

«Хоум Кредит Банк ұсынатын қаржылық сауаттылық бойынша жобалар 4 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт ішінде 300 мыңнан астам қазақстандық түрлі шараларға қатысқан. Оның 15 мыңнан астамы ашық есік күндері мен семинарлардың қатысушысы атанды», – дейді И.Шейкина.

Ирина Шейкина бүгінгі күні семинарларға қатысқысы келетін адамдар саны 2-2,5 есе, ал кездесулер барысында талқыланатын сұрақтар саны 4 есе өскенін атап өтті. «Халық бұрынғыдан да белсенді түрде сұрақ қойып, талқылауларға, қаржы мәселелерін шешуге қатысады, білімдерін жетілдіруге үлкен қызығушылықпен уақыттарын, қаражатын арнайды», – дейді ол.

Хоум Кредит Банктің қаржылық сауаттылық бойынша шарасы балалар мен жасөспірімдерге, ересектерге арналып ұйымдастырылып келеді. Ұйым балалар мен жастардың қаржылық білімі мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған халықаралық Global Money Week шарасына қатысады. Global Money Week аясында банк балалардың қаржылық сауаттылығы бойынша семинарлар өткізеді. Бұдан бөлек мектептерде аталған тақырыпта бағдарламалар беріледі. Қаржылық сауаттылық бойынша Банк Хоум Кредит шараларында барлығы 10 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысқан.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс