Отты жылдардың шежіресі

Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» тұғырнамасының аясында «Майдангерлер мұрасы» атты көрмесінің ашылу салтанаты болды. Ондағы мақсат: музей қорына қабылданған әр затты өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін жылдар бойы сақтап, көпшілікке насихаттау. 

IMG_6754

Кеңестер Одағының Батыры, жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин мұражайының экспозициялық залына қойылған құжаттар: ордендер, төс белгілер, отты жылдардағы ерлікті айқындайтын фотосуреттер мен жауынгер хаттары жинақталған. Сенсорлық киоск арқылы бұл экспонаттар жайлы толық мәліметтер алуға болады. Көрменің ашылу салтанатына келген Көкшетау техникалық институтының курсанттары алдында қарт майдангер Жавад Ғабдулкафеев, ауған соғысының ардагері Қайролла Қосмағанбет, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы жастардың патриоттық және адамгершілік тәрбиесі бойынша тұрақты кеңестің төрайымы Галина Марченкова сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.
Жават Нұрсаифұлы майдан даласындағы ерліктерінен сыр шертсе, музейдің ғылыми қызметкері Ж.Қажыбай осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында, бас қор сақтаушысы С.Жүзжанова музей қорына осы уақытқа дейін қабылданған жәдігерлер жайлы толық мағлұмат берді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Балалар шығармашылық орталығынан келген Ясмина Сүлейменова мен республикалық байқаулардың жеңімпазы Аида Қалқатай әсем ән шыр-қап, музейдің ғылыми қызметкері Тоқтасын Семейханұлы арнау өлеңін оқыды. Сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының студенті Бақыт Орынбасар «Мен қазақпын» өлеңін оқып берді. Көрме бір ай бойы жұмыс істеп, қала қонақтарына насихатталады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс