Оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді

Биылғы оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді. Сабақтың ұзақтығы 45 минутқа созылады. Ал, аптадағы оқу күндерінің санын мектептер өздері анықтайтын болады. Бұл туралы брифингіде Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов мәлімдеді. Биылғы оқу жылы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болады. «Өздеріңіз білетіндей биылғы 1 қыркүйекте бірінші сынып оқушыларына арналған шаралар өтеді. Онда ең кішкентай оқушыларға арналған алғашқы оқулық беріледі. 2-11 сыныптар үшін бірінші оқу күні сынып сағаты форматында ұйымдастырылады», – деп атап өтті В.Гамазов. «Өткен жылы сабақ ұзақтығы 40 минутты құрады. Биыл қайтадан 45 минуттық форматқа ораламыз. Бес күндік немесе алты күндік оқу аптасы туралы мәселені әрбір мектеп өзінің жұмыс жүктемесіне қарай өз бетінше шешетін болады. Оқу жоспарлары өзгереді. Мысалы, факультатив саны азаяды. Мектептердің оқу жоспарын таңдауға құқығы бар. Бірақ тұтастай алғанда, біз оқушыға жүктемені төмендету тенденциясын қолданамыз, яғни жеке пәндер бойынша сабақтар қысқарады. Бұл ретте қысқарту оқытудың факультативтік бөлігіне ғана қатысты болады», – деп толықтырды В.Гамазов. Айта кетсек, биыл жаңа оқу жылында облыстың 552 мектебіне 130 мыңнан астам оқушы барады, олардың 13659-ы бірінші сынып оқушылары.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий