Оқырмандар пікірлерін айтты

Өткен жұма күні облыс орталығындағы «Қазпошта» бөлімшесінде дәстүрге айналған «Ашық есік» күні болып өтті. Онда өңірдің бірқатар басылымдары өз оқырмандарға жарияланымдарын ұсынып, келесі 2018 жылға жазылуға шақырды. Шараға «Көкше- media» жауапкершілігі шектеулі серіктесіне қарасты қалалық «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттері де қатынасты.

Қалалық газет қызметкерлеріне тұрғындар Көкшетау қаласындағы соңғы жылдарғы салынып жатқан тұрғын үйлер, кеңейтіліп, жөнделіп жатқан жолдар мен жаяу жүргінші жолдары, жарықтандыру, көптеп ашылып жатқан спорт, ойын алаңдары, скверлер үшін риза екендіктерін жеткізді. Қаланың өсу даму бағыты, атқарылу үстіндегі, болашақта атқарылатын істер, әртүрлі жаңалықтарды осы екі қалалық газеттер беттерінен оқып, білетіндерін айтты.

Тұрғындармен пікір алмасып, олардың газет беттерінен тағы қандай тақырыптардағы мақалаларды оқығылары келетіндіктері жөнінде сұрап біліп, талқылағаннан кейін әр газет өзінің үш оқырманын келесі жылға тегін жазып, сыйлық жасады. Олардың бірі Бұзаубаева Қалия болды. Ол педогогика саласында ұзақ жыл еңбек етіпті. Зейнеткерлікке шыққанына 5 жыл. Көзі ашық, көкірегі ояу жан басқа жаңалықтарға қоса қаланың да тыныс-тіршілігімен таныс болғанды қалайды. Екінші тегін жазылуға ие болған Рашида Қазбекова. Ол да ұзақ жылдар құқық қорғау саласында жемісті еңбек еткен, көзі қарақты оқырман. Жоғары білімді дәрігерді қоғамдағы өзгерістердің, ғылым мен техниканың жетістерінің бәрі қызықтырады. Әсіресе, өңір тарихы, ел таныған үлкен азаматтардың өнегелі істері мен пікірлерін оқуға құштар.

Осылайша, «Ашық есік» күні газеттер қызметкерлері мен оқырмандар өзара пікір алмасып, пошта қызметімен, оның қызметкерлерімен кеңесіп, тиімді өтті.

 

«Көкше –ақпарат».

        

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий