Парк автобустармен толықты

Көкшетауда қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қараша айында қалада «Yutong» маркалы тағы 50 жаңа автобус жолға шығады. Ведомствоның мәліметі бойынша жаңа көліктер жергілікті климат жағдайына бейімделген, бейнебақылау, кондицио-нер, GPS автонавигатор, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Электронды билет алмасу жүйесі бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те қарастырылған. COVID-19-бен күресу мақсатында автобус салонында дезинфекциялау құрылғысы мен ауа тазалайтын ультракүлгін шамы бар. 32 автобустың ұзындығы 10 метр, ал 18 автобустікі 11,7 метрді құрайды. «2018-2020 жылдарға арналған автобус тасымалын дамыту бойынша кешенді бағдарламаға сәйкес, өткен жылы Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-де құрастырылған «Yutong» маркалы тағы 44 жаңа автобус сатып алынды. Биылғы жылы да бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 7 автобус Көкшетауға жеткізілді. Қалған 43 автобус қарашаның 11-де жеткізіледі. Осылайша, қаладағы қоғамдық көліктердің паркі 50 пайызға жаңарады», – деп атап өтті жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әрсен Жанғасқанов.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий