Парламент Мәжілісінің депутаттары кездесулер өткізеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Сапархан Омаров, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Жексенбай Дүйсебаев, Сапар Ахметов, Зағипа Балиева, Михаил Чирков 5-13 қаңтар аралығында Көкшетау, Степногорск қалалары мен Ақкөл, Аршалы, Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Егіндікөл, Астрахан аудандарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдайды.

Халық қалаулыларының өңірлерді аралаудағы басты мақсаты Мемлекет басшысының стратегиялық міндеттерін заңдылық тұрғыдан қамтамасыз ету сипатында жергілікті жерлердегі істің жағдайымен жақынырақ танысып, адамдардың ұсыныс-пікірлері, өтініш-тілектерін қарастыру. Осы мақсатта бүгіннен бастап мәжіліс депутаттары өңірлерді аралауға кіріспек. Атап айтқанда, 5-6 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында актив жиналысы өтеді. Бұдан кейін халық қалаулылары «КМЗ «Молоко Синегорья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, Көкшетау техникалық институтының, Красный Яр селосындағы блоктық-модульдік қазандығының ұжымдарымен және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, депутаттар Ж.Дүйсебаев, С.Ахметов азаматтарды жеке өтініштері бо-йынша облыстық филиалдың ғимаратында, ал халық қалаулылары Е.Бектұрғанов, Ж.Жарасов Красный Яр селосындағы «Көкше» мәдениет үйінде қабылдайды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс