Полицейлерге – қызметтік көліктер

Ермек Маржықпаев Астана күніне орай қалалық полиция басқармалары мен аудандық бөлімдеріне су жаңа 20 қызметтік «УАЗ» және учаскелік полиция қызметкерлеріне 18 «Нива» көліктерін тарту етті. «Осындай мереке қарсаңында Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз, Отанымыздың мүддесіне деген адалдықтарыңыз үшін тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін. Коронавирус пандемиясы кезеңінде азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігі мен əлеуметтік жағдайын қорғауда дәрігерлер сияқты Сіздер де өз денсаулықтарыңызды тəуекелге тігіп, өңірде қауіпті індеттің жайылуын тежеуге елеулі үлестеріңізді қосып келе жатырсыздар. Облысымыздың елді мекендерінің көшелеріндегі тəртіп пен ақмолалықтардың тыныштығы, өз қауіпсіздігіне деген сенімдері тікелей сіздерге байланысты», – деді құттықтау сөзінде Ермек Маржықпаев. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан полиция қызметіне жасалып отырған қолдауы олардың жұмыс тиімділігі мен сапасына оң ықпал ететінін атап өтті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий