Полицейлер қызметі сурет тілімен бейнеленді

Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай Ақмола облыстық ішкі істер департаменті «Полиция – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. Байқауға 13 жасқа дейінгі 300-ге жуық бүлдіршін өздерінің жұмыстарын ұсынды. Бұл бүлдіршіндердің басым бөлігі – полиция қызметкерлерінің балалары. Олар ата-аналарының қиын да, жауапты жұмыстары туралы көзқарастарын сурет арқылы көрсетуге тырысқан.

Сарапшылар назарына ұсыныл-ған суреттердің сюжеті ғана емес, орындалу техникасы да сан алуан. Жас суретшілер өздерінің туындыларында полиция қызметінің қыр-сырын жан-жақты ашуға тырысқан. Бір айта кетерлігі, Абылай хан алаңында ашық аспан астында өткен көрмені тамашалауға келген дем-алушылар мен тұрғындар өздеріне ұнаған суреттерге дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. «Байқауға небір талантты балалар авторлық жұмыстарын ұсынды. Солардың ішінде он қатысушының суреті ең таңдаулы деп табылды», – дейді департамент басшысының орынбасары, полиция полковнигі Жанатбек Ешімов. Сөйтіп, жұртшылық берген дауыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға ұялы телефон, спорттық құралдар мен ойыншықтар табыс етілді. Ең жас қатысушылар Даниил Хвостенко, Ангелина Кремер, Анастасия Бейсекееваның авторлық жұмыстары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл күні балалар ата-аналарына сый ретінде әдемі флеш-моб ұсынды. Абылай хан алаңында көңілді музыка әуенімен «25» санын бейнелеп, аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырды. Осылайша көрермендерді де ерекше әсерге бөледі. Барлық қатысушылар Бурабай курорттық аймағының ең көрікті жерлеріне саяхат жасап, мұражай мен хайуа-наттар бағына да барып қайтты. Экскурсия соңында бүлдіршіндерге ертегілердегі сүйікті кейіпкерлері өнер көрсетіп, мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. «Мұндай шараларды өткізу жыл сайын дәстүрге айналған. Ал, биылғы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орай жас суретшілер байқауын балғындар үшін ерекше есте қаларлықтай етіп өткізуді жоспарладық. Балалардың да осы шараға жан-жақты әзірлікпен келгендіктері қуантты», – дейді кадр-лар басқармасының тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Аягөз Қалиева.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс