Полиция пункті ашылды

Көкшетауда Орталық базар алаңында №1 учаскелік полиция пункті ашылды. Оған қажетті ғимаратты «Botai Development» АҚ қайтарымсыз берді. Сауда орталығында ұсақ қылмыстар орын алатындықтан, жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары халықтың қауіпсіздігін күшейту мақсатын көздеген. Полиция пунктінің жұмысымен танысқан қала әкімі Амангелді Смайылов тәртіп сақшыларына қырағылықты күшейте түсуді тапсырды. Шараға ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция полковнигі М.Баймұқашев, полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ж.Ешімов, «Botai Development» АҚ бас директоры Асқар Әлиев те қатысты. Жаңа учаскелік пункттің жұмысымен шаһар басшысын облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-
майор Арманбек Баймурзин таныстырды. 78 шаршы метрді құрайтын ғимаратта компьютерлік техникамен жарақтанған 5 кабинет, телефон байланысы бар. Су тартылған. Барлығы 9 қызметкер осы аумақтағы келімді-кетімді халықтың қауіпсіздігіне жауапты болады. Оның үшеуі ювеналды полиция және біреуі жедел уәкіл. Учаскелік пункт үзіліссіз жұмыс істейді. Бақылау камералары арқылы Орталық базар аумағы түгел назарда.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий