Полиция қызметінің жаңа басшысы

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 1 қазанда өткен алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясына қатысып, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер төңірегінде өзінің ой-пікірлерін білдірді.

Депутат Роза Арыстанқызының төрағалығымен өткен алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Серік Папашұлы Зейнуллинді тағайындауға келісім беру жөнінде мәселе қаралды. Бұл туралы Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Амангелді Нұржанов хабарлама жасап, лауазымдық қызметке ұсынылып отырған тұлғаның өмірбаянымен таныстырды. Сессияда, сондай-ақ, «Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы әкімшілік-мемлекеттік қызметшілердің қызметіне баға беру әдістемесін бекіту туралы, Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің пайдалану мерзімін доғару жөнінде де мәселе қаралды.

Өмірдерек: Полиция подполковнигі Серік Папашұлы Зейнуллин 1975 жылы туған. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай заң иститутын бітірген. Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының шешімімен жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына тағайындауға келісілді.

Еңбек қадамын 1997 жылы қатардағы рота милиционерінен бастап, әр жылдары кәмелетке толмағандар үшін қабылдау бөлудің профилактика инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімше инспекторы, учаскелік испекторы болып істеді. 2008-2016 жылдар аралығында қалалық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары, әкімшілік полиция бөлімінің басшысы, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары болып істеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс