Поэзия байқауы өтті

Көкшетауда «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдас-тыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным» атты поэзия байқауы өтті.
Байқауға облыс аумағындағы оқу орындарынан 21 жас қатысты. – Мемлекеттік тілді үйрену – бұл қажеттілік, уақыт талабы. Сондықтан, поэ-зия байқауын өзге ұлт жас-тарын қазақ тілін үйренуге тарту формаларының бірі ретінде қарастыруға болады. Өйткені, мемлекеттік тіл қазақстандық қоғамды біріктірудегі маңызды фактор болып табылады, – деп атап өтті құттықтау сөзінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Тохаева. Шараға қатысушыларға сәттілік тілеген «Адырна» ҚҚ-ның президенті Әубәкір Арман мемлекеттік тілді үйрену арқылы өзге де этностар қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын тереңірек таниды деді.
Байқау көрермендердің қызығушылығын тудырды, қатысушылар өлең оқып қана қоймай, қазақтың ұлттық киімдерін киіп шығып, әр өлең оқылымын қойылыммен үйлестіре білді. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған еліме», Қасым Аманжоловтың «Қазақстан», «Отан туралы ой», Күләш Ахметованың «Жан дала – жаннат дала», Төлеген Қажыбаевтың «Көкшетау туралы толғаныс» жырлары орындаушылардың оқу шеберліктері, көркем жырдың кестесін сөкпей келістірулерінің арқасында жырқұмар қауымның көкірегін көктемнің керімсал самалындай желпіп өтті.
Байқау қорытын-дысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледжінің студенті Анжелика Соколова бірінші орынды жеңіп алды.
Анастасия Бабенко және Татьяна Смирнова екінші, үшінші орындарды еншіледі.

А.АЙҒАРА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий