Президент егінжайды аралап, кәсіпорындар тынысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Президент сапар барысында индустриалды кәсіпорындарды аралап көріп, өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы кәсіпорнының жетекшілерімен және механизаторлармен әңгімелесу барысында биылғы Жолдауында бұл сала бойынша тиісті міндеттер жүктегенін еске салды және дайын әрі өңделген өнімнің, соның ішінде ұнның экспортқа шығарылу көлемі төмендегенін атап өтіп, қолайлы тариф саясаты қажет екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін озық техникамен қамтамасыз ету қажет екенін баса айтты.

Петропавлдағы Alageum Electric электротехника зауытына барған Президентке трансформатор өндірісінің технологиялық желісі таныстырылып, кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары мен өндірісті одан әрі кеңейту жоспарлары туралы айтылды.
Зауыттың құрылысына 10 миллиард теңге инвестиция салынған. Жобалық қуаты бойынша кәсіпорын жылына 13 мың трансформатор шығарады деп жоспарланған. Шығарылатын өнімнің 98 пайызы ТМД елдеріне экспортталады. Кәсіпорын еңбеккерлері, соның ішінде оңтүстік өңірден көшіп келушілер жеңілдікпен тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие. Тәлімгерлерге оқуға және кейін жұмысқа орналасуға жағдай жасалады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесті. Президент кәсіпорынның жұмысы мен оның экспорттық әлеуетіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысы зауыттың табысты дами беретініне сенім білдіріп, отандық өнім өндірушілерге Үкімет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Президент сондай-ақ, ауылшаруашылығы техникасын құрастыратын CLAAS зауытына да ат басын бұрды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий