Президент Жолдауын талқылады

Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдай-дағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға арналған Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Депу-таттық корпус, жастар, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері қатысқан жиынды ашқан облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынтай Елубаев Президенттің Жолдауда жүктеген тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде облысты одан әрі дамытудың міндеттері мен басты бағыттарына тоқталды. «Мемлекет басшысы қазақстандық қоғамның өміріндегі барлық салаларды одан әрі реформалаудың бағдарламасын ұсынды. Оны жүзеге асыру ел экономикасының өсуіне және азаматтарымыздың өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді. Мемлекеттік басқару, экономикалық және аумақтық даму, әлеуметтік әл-ауқат, ауылшаруашылығы және шағын бизнес, сондай-ақ, құқық қорғау органдары жүйесін жаңғырту бәріміз үшін маңызды», – деді ол. Сонымен бірге, «Ақсай нан» ЖШС директоры Сəуле Соболевская мемлекеттің кәсіпкерлікке көрсетіп отырған қолдауына тоқталса, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының бас дəрігері Нұрлан Жаров азаматтарымыздың денсаулығын сақтаудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру туралы айтты. «Мені тамақ өнеркәсібінің өкілі ретінде, елімізде тұңғыш рет өнеркәсіп саясаты жөнінде заң дайындалатыны қызықтырды. Мұндай құжат өңдеуші өнеркәсіптің дамуына серпін беретіні сөзсіз», – деп атап өтті Сəуле Соболевская. Отырыс соңында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша алдағы жоспарларды айқындады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий