Прокуратура органдарының ардагерлері назарда

Коронавирус пандемиясы азаматтар өмірінің барлық салаларына әсер етті. Прокуратура органдары жүйесінің тірегі болып табылатын ардагерлер де оқшаулау жағдайында қалды. Соған орай «Ақмола облысының прокуратура ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен бірге басшылық ардагер әріптестерін қолдауға шешім қабылдады.
Көмек тыл еңбеккерлеріне, мүгедектерге және жалғыз тұратын зейнеткерлерге көрсетілді. Прокуратура органдарының қызметкерлері ардагерлерге азық-түлік себеттерін, антисептиктер мен медициналық маскаларды жеткізіп беруді ұйымдастырды. Ал, аға әріптестеріміз түрлі тұрмыстық және әлеуметтік мәселелер бойынша түскен шағымдарға сәйкес өз көмектерін қашықтан көрсетуге уәде етті.
Облыс прокуроры барлық ардагерлерге өзін-өзі қорғау кезеңін аман-есен бастан өткеріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий