Пікір алмасты

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың қатысуымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.

Шараға діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Оның барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский ақпараттық-түсіндіру тобының атқарған жұмыс қорытындысы туралы есеп берді. Бұдан соң «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықовтың «Толеранттылықтың қазақстандық моделі», конфессияаралық қаты-настарды дамыту және талдау орталығының директоры Гүлнұр Сатыбалдинаның «Дәстүрлі емес исламдағы әйелдер мен балалар: проблемалар және оны шешу жолдары» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Діни бірлестік өкілдері және сарапшылар жастарға рухани-адамгершілік білім беруде діни қауымдастықтар рөлін, сондай-ақ, халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін жоғарылату бойынша үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану қажеттігін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша кеңес мүшелері көтерілген мәселелер туралы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастардың жүйесін жетілдіру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында ұсыныстар жасады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий