Пән олимпиадасының жеңімпаздары

14 қаңтарда «Достар» мәдениет сарайында мектеп оқушылары арасында өткен жылғы республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Оған оқу орындарының жетекшілері, ұстаздар және пән олимпиадаларының қалалық, облыстық байқауларында үздік көрсеткішке ие болған оқушылар, сондай-ақ, олардың ата-аналары да қатысты.

2016-2017 оқу жылында мектеп оқушылары арасындағы олимпиада 15 пән бойынша өткізілді. Қалалық сайысқа облыс орталығындағы барлық мектептерден 938 үздік оқушы қатысты. Олардың 60-ы бірінші орынды, 124-і екінші орынды, 177-сі үшінші жүлделі орындарға ие болды. Қалалық оқу бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов жеңімпаз атанған үздік оқушыларды І-ІІ дәрежелі дипломдармен, ноутбукпен, планшетпен марапаттады. Сондай-ақ, оларға жазғы каникул кезінде демалу үшін «Звездный» сауықтыру орталығына тегін жолдама берілді. Өз оқушыларын жауапты бұл сынға жақсы дайындағаны үшін ұстаздар қауымы да алғыс хатпен марапатталды. Облыстық олимпиадада бірінші орынды алған шәкірттердің ата-аналарына сый-құрмет көрсетілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс