Пән олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша Көкшетау қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты мен №18 орта мектептің базасында 4-7 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – балалардың бойындағы ғылымдық білімдерін насихаттау және ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасындағы білім беделін көтеру. Олимпиадаға 17 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан аудандық кезеңнің жеңімпаздары – 378 оқушы қатысты. Олимпиада қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті. Олимпиада жүлдегерлері Көкшетау қаласында жаратылыстану-математикалық циклдағы және Петропавл қаласында гуманитарлық циклдағы пәндер бойынша өтетін республикалық олимпиадаға қатысады. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, тәуелсіз бағалауда құзіретті амалмен қамтамасыз ету үшін қазылар алқасының мүшелері ретінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалымдары: PhD докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ғылым магистрлары, үздік оқытушылары шақырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс