Пәтер алу жеңілдейді

Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерге жұмыс сапарымен шықты. Олар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың тетіктерін түсіндіріп, жергілікті халықпен кездесуде. Көкшетау қаласына келген халық қалаулысы Сауытбек Абдрахманов медицина қызметкерлерімен, жоғары оқу орындарының жастарымен жүздесіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мәжіліс депутаты Көкшетау қалалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Әңгіме барысында Сауытбек Абдрахманов Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бағытталғанын айтты. Әсіресе, тұрғын үй алудың жолдары жеңілдетіле бастады. Бұған дейін 14-16 пайызбен беріліп келген кредит енді 7 пайызға төмендетілмек. Осы сәтті пайдаланып, қарапайым халық баспаналы болуға тырысу керек. Тегін үй алу деген түсінікті ұмытқан жөн. Енді бұл мәселе тек жалға немесе несие арқылы ғана жүзеге асады. Қалалық
ауруханада жұмыс істейтін жас мамандар жалақысының аздығын алға тартты. Ол бірнеше жылға несие алуға жетпейді. Жергілікті әкімшілік тарапынан да қолдау жоқ. Мамандар  ауруханаға тексеріс жиі келетінін, ал жекеменшік медицина мекемелеріне ат іздерін де салмайтынын алға тартты. Бұл дәрігерлерден бастап, орта буын мамандарын да алаңдатады. Мәжіліс депутаты бұл сауалдарды назарға алатынын, оны шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Сауытбек Абдрахманов бұл күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылар құрамы және студенттермен жүздесті. Кездесу барысында 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың гранттың бөлінгені тегін білім алғысы келетін жастарға көп жеңілдік деді. Сонымен қатар 75000 орындық 150 студенттер жатақханасының құрылысы 2020 жылға дейін аяқталмақ. Бұл жастардың алаңсыз оқуына ықпал ететін болады. Мәжіліс депутаты ертеңгі мамандарды елі үшін қызмет етуге шақырды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий