Пәтер кілтін алды

Ата Заң мерекесі қарсаңында облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен қала әкімі
Ермек Маржықпаев Осипенко көшесіндегі 2 «В» мекенжайындағы көпқабатты үй пәтерлерінің кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Бұл күні он адам жайлы да жылы баспананың иесі атанды. Облыс және қала басшылары екі отбасының пәтерлеріне кіріп, арнайы құттықтады.

Жұмыс бабындағы іссапармен сол күні өңір және шаһар әкімдері Көкшетаудағы бірқатар нысандарда болды. «Аққу» балабақшасында мемлекет пен жеке әріптестік қатынас шеңберінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. «Дельта-пв» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігері жөндеуге 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтты. Жиһаздар жергілікті тауар өндірушілердің өнімі. Мысалы, балдырғандарға арналған төсек жаймаларын зағиптар қоғамының қызметкерлері тіккен болса, жиһаздарды жергілікті кәсіпорын құрастырып берген. Электр желісі, кафель, сантехника, бассейн жаңартылып, бөбекжай маңы абаттандырылған. Әрі қарай өңір және қала басшылары «Имана» бизнес-орталығындағы балаларға арналған мектепке дейінгі білім орталығының жұмысымен танысты.

          «Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий