Ражаб және Шағбан айлары

Белгілі тәпсірші ғалым әл-Қуртуби харам айлар жайлы айтылған осы аятты: «Алла Тағала харам айларын ерекше құлшылықпен өткізуді және ол айларда зұлымдыққа жол бермеуді бұйырған» – деп тәпсірлейді. Құранда харам айлар жайлы айтылғанмен оның нақты қай айлар екендігі көрсетілмеген. Ал, Пайғамбар хадистерінде бұл айлар жайлы мол деректер ұсынылады. Абу Һурайра жеткізген хадисте Пайғамбарымыз болса, бұл жөнінде: «Заман – Алла аспандар мен жерді жаратқан күндегідей қалпына қайта айналып келді. Бір жылда он екі ай бар. Оның төртеуі қасиетті. Үшеуі бірінен соң бірі келеді: Зул-қағда, Зул-хижжа және Мухаррам, ал төртіншісі – Жумадә мен Шағбан арасында келетін Ражаб айы», – деген.

«Ережеп» сөзі араб тіліндегі «ражаба», яғни ұлықтау, мадақтау деген мағыналарды білдіреді. Имам Ражаб Ал-Ханбалидың айтуы бойынша Ражаб айының бұлай аталу себебі, бұл ай арабтарда ұлықталатын ай саналады. Ал, Ислам келгеннен кейін Ережеп айының мәртебесі, тіпті өсті. Бұл айда соғыспайтын, ұрыс-керіс, жанжал болмайтын. Бұл айда тәубе етушілерге Алланың рақметі мен мейірімі ерекше мол төгіледі. Абу Дауд жеткізген хадисте Айша анамыз айтады: «Пайғамбарымызға айлардың ішіндегі ораза ұстауға сүйікті болған ай Шағбан айы еді». Айша анамыздан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздың Рамазан айынан басқа айларда толық ораза ұстағанын көрген жоқпын», – делінген. Жоғарыдағы хадистен түсінетініміз Пайғамбарымыз Шағбан айы-
ның оразасын ұстап, Шағбан мен Рамазан оразасын қосқандығын көреміз. Алланың елшісі Рамазан айынан басқа ешқандай айларда толық ораза ұстамаған. Бұдан шығатын мәселе Пайғамбарымыз Шағбан айында толық ораза ұстады деген емес, керісінше Шағбан айының басым күндерін оразамен өткізгендігін білеміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс