Рекордтық өнім жиналады. 1 қазанда жылу беріледі

Облыс әкімі Сергей Кулагин 26 қыркүйекте кезекті аппарат кеңесін өткізіп, онда биылғы егін орағын ойдағыдай өткізуге байланысты және алдағы жылу маусымына қатысты мәселелер талқыланды. Күзгі дала жұмыстарының барысы жайлы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан хабарлама жасады.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының жетекшісі Мұрат Балпанның хабарламасына сүйенсек, бүгінгі күнге 3 миллион 800 мың гектар алқаптың астығы бастырылып, 4 миллион 982 тонна өнім жиналды. Орта есеппен егіннің шығымдылығы гектарынан 13 центнерден айналды. Дәнді-дақылдардан басқа облыс шаруашылықтарында картоп пен көкөніс жинау да қарқынды жүргізілуде. Кешегі күнге аудандардан түскен жедел ақпаратқа қарағанда 199,8 мың тонна картоп, 42 мың тонна көкөніс жиналыпты. Ал, дәнді-дақылдар өнімдерін жинау 91,7 гектар алқаптарға жүргізілді. Өнімнің шығымдылығына қарағанда биыл 180 мың тонна, яғни рекордтық өнім жинауға толық мүмкіндік бар екен. Аппарат кеңесінде алдағы жылу маусымына қатысты мәселе де кеңінен талқыланды. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі В.Радченко кешегі күнгі барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілгендігін хабарлады. Ал, 1 қазаннан бастап тұрғын үйлер де жылу ала бастайды. Аппарат мәжілісін қорытындылай келе, облыс әкімі Сергей Кулагин тиісті өкілетті органдарға егін орағын ойдағыдай аяқтау және барлық нысандар мен тұрғын үйлерге жылу энергиясын дер кезінде беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс