Ресейлік инвесторлар астық терминалын салмақшы

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ресейде және басқа шетелдерде ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме саудасымен айналысатын «СКАЙ» ашық қоғамдық бірлестігі компаниясының жетекшісі Михаил Васенкевичпен кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы Ақмола облысының Қазақстанның ірі аграрлық өнеркәсіптік аймағы екенін айтты. Мұнда елімізде өсірілетін бидайдың 4,1-і өндіріледі. Облыс жыл сайын 2 миллион тонна астықты жақын және алыс 32 елге экспортқа шығаруда. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақында жұмыс сапарымен облысқа келген кезінде өңірде ауылшаруашылық саласын одан әрі өркендету жөнінде жаңа міндеттер жүктеген болатын. Сол себепті біз инвестицияны тарту және ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз. Біздің өңір астаналық облыс болғандықтан, Елорда рыногын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі жабдықтаушы болып табылады», – деді облыс әкімі. «СКАЙ» ашық қоғамдық бірлестігі компаниясының жетекшісі Михаил Васенкевич өз тарапынан Иран және Жерорта теңізінің аймағындағы он бес елге дәнді-дақылдар экспорттайтындығын айтты. Астық дақылдарын өсіруге инвестиция беріп, ауылшаруашылық құрылымдарынан 500 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін астық сатып алуға, Ақмола облысында астық өндейтін терминалдар құрылысын жүргізуге мүдделі екендіктерін білдірді. «Біз үшін ең бастысы – астықтың сапасы. Өйткені, тұтынушылар өнімнің экологиялық таза болғанын қалайды. Ал, сіздің аймақтағы астықтың жақсы екендігін білеміз», – деді компания жетекшісі. Кездесу соңында ет және сүт өнімдерін қайта өндеуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жөнінде ынтымақтастық мәселелері де сөз болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс