Ризашылығын жеткізді

Қала әкімі Амангелді Смайылов қарияларға азық-түлік жеткізіп жүрген волонтерлермен кездесті. Өңірде төтенше жағдай жариялануына байланысты қалада жүріп-тұруы шектелген жалғызбасты қариялардың қиналып қалмауы үшін облыс орталығындағы ерікті ұйымдар мен кәсіпкерлер оларға қол ұшын созып жатыр. «Той Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күн сайын 130-дан астам түскі ас дайындап береді. «Жалғызбасты қариялардың тізімі жасалып, оларға ыстық тамақ жеткізіліп берілуіне назар аударып жатырмыз. Бастапқыда қалада жасы сексеннен асқан 200 адам бар екені анықталды, оның 124-і нақты көмекке зәру болып шықты. Көпшілігін балалары мен немерелері, туысқандары өз қолдарына алыпты», – дейді қала әкімі Амангелді Смайылов. Шаһар басшысы «Біз біргеміз» акциясын қолдаған «Жизненный путь», «Доброе сердце» қоғамдық қорлары мен көкшетаулық кәсіпкерлерге және еріктілерге алғысын білдірді. Жалғызбасты қариялардың үйіне азық-түлік жеткізуге көмек беріп отырған «Қазмұнайгаз», «Гелиос» пен «Эталон» жанар-жағармай құю бекеттерінің иелеріне де қала әкімі рахмет айтты. Көмекке мұқтаж қариялардың тізімін қалалық ардагерлер кеңесі реттеп, толықтырып отырады. Қосымша ақпарат алу үшін мына номерлерге хабарласыңыздар: 109, 25-20-25.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий