Рухани жаңғыру жолында

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен қалалық әкімдік жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда тыңдалған, көтерілген мәселелер Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалысында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру жайы болды.

Красный яр ауылдық округінің әкімі Н.Айсин өз округіндегі Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы жөнінде баян етті. Жұмыс негізіне Елбасы мақаласында көтерілген идеялар алынған. Қоғамдық сананы жаңғырту, ашық пікір-алмасу, ұлтаралық алғаусыз татулық, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, адал еңбекке үйрету, бойларына патриоттық сезім дәнін егу- өткізілген шаралардың мазмұны осы. Әдеби-мәдени көпшілік шаралар «Көкше» мәдениет үйінде, мектептерде, кент алаңында өтсе, қоғамды, көпшілік ортаны, айнала табиғатты сыйлау, экологиялық тәрбие  спорттық жарыстар, сенбіліктер үстінде берілді. Бақылауды қажет ететін 20 отбасы есепте тұр. Балалар мен жасөспірімдер мектебіндегі әртүрлі спорттық үййірмелерге 405 бала қатынасады. «Алтын дауыс» байқауында да бақ сынағандар көп. Кеңес отырыстарында  ұлттық тәрбие, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жағдайы төмен отбасылармен жұмыс, көше атауларын өзгерту, тұрғындар мәдениетін арттыру сияқты мәселелер талқыланады. Коғамдық жұмыстарға тек кеңес мүшелері ғана емес, кенттің ақсақалдары, танымал адамдары да кеңінен тартылады.

Станционный кентінің әкімі А. Тасқынбай да кеңестің тұрғындармен жұмысы туралы айтып өтті. 10 адамнан тұратын кеңес мүшелері белсенді. Кентте достық пен татулыққа үндейтін «Шаңырақ» клубы он жылдан бері тиімді қызмет атқарып келеді. Кітап оқушылар конференциясын өткізу де дәстүрге енген. Өтетін шараларға тұрғындар қатынасы да ойдағыдай. Тек Станционныйда мәдениет сарайының жоқтығы қолбайлау болып тұр. Ауқымды шаралар тек мектеп ғимаратында ғана өтеді. Болашақта осы мәселе шешілсе, жолдары жөнделіп, жарықтандырылып, тазалық жүргізіліп, көріктене түскен кентте әлеуметтік-көпшілік жұмыстар бүгінгіден де жандана түсер еді. Жылма-жыл тұрғындар санының артып келе жатуы мәдениет сарайын салудың қажеттігін аңғартқандай.

Одан әрі «Ақмола облысының орыс қоғамы» этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Артеменко өзі басқарып отырған қоғам жұмысы туралы есеп берді. Ол Қазақстан халқы Ассамлеясы сапындағы барлық әріптестерімен ауызбірлікте, біріге қызмет істеп жатқандықтарын тілген тиек етті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латынға ауыстыру болатын. Бұл тақырыпқа Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалымдары А.Ысмағұлов пен С.Қасеновтар сөйлеп, жаңа әліпби туралы ойларын ортаға салды. Әрине, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің үстіміздегі жылдың 26 қазаны күні Жарлығы жарияланды. Енді осы әліпбиді оқып- үйренудің тиімді жолдарын қарасытырып, жетілдіруге тиіспіс. Оқу үстінде, күнделікті қолданысқа енгеннен кейін оны жетілдіру жолдары байқалса, мүмкін тағы да аз-кем өзгерістер енгізілетін де шығар деген пікір айтты ғалымдар. Сондықтан, іздену одан әрі жалғаса бермек.  Мәселен, Түркияның осы әліпбиге көшу процесі жиырма жылға созылыпты. Негізінен, компьютерде латын әріпін күнде қолданып жүрген жандарға көп қиындық кезікпесі кәміл.

Жиын үстінде қаралған тақырыптар жөнінде кеңес мүшелері М.Қиықов, Б.Сүлейменовтер пікірлерін айтты.

Кеңес отырысын Көкшетау қаласы  әкімінің орынбасары А. Әміренова қорытындылады.

 

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий