Рухани құндылықтар – бірлікке негіз

Өткен жұма күні Көкшетаудағы Қоғамдық келісім сарайында Ақмола облысының имамдары, дін қызметкерлері және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» деген тақырыппен 3-ші аймақтық имамдар форумы болып өтті. Онда дәстүрлі дінімізді насихаттау, діни қызмет сапасын жетілдіру, ұрпақ тәрбиесінің ұлағатты жолдары сияқты өзекті мәселелер сөз болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған жаңа құжаттары таныстырылды.

img-20191115-wa01171513219915Форумды ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы, Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің бас имамы Қуаныш Сәбит ашып, бүгінгі жиынның мақсаты туралы айтып, басқосуды Құран аяттарын оқып, Аллаға сиынып, ісімізге береке тілеуден бастайық, деп Теміржан қариды ортаға шақырды. Жиын осылайша, Жаратушы ие, хақ тағалаға құлшылықпен басталды. Одан әрі діни басқарма дайындаған Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы «Жеті рухани қазық» туралы ролик тамашаланды. Республикалық форумда қабылданған бұл жаңа дүниенің сілтер бағдары, айтар түпқазық ойы баяндалды. Бұл роликті көре отырып, әуелкі байқағанымыз ата дініміздің ұлттық құндылықтармен қабыса өрбігені, ислам дінінің қазақ ғұрпына, ұлтымыз мінез-құлқы, салт-дәстүріне сіңгені, оның талаптарының жан-дүниемізге жақындығы. Аталмыш жаңа тұғырнама бұрыннан мойындалған осы пікірді одан әрі орнықтырып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп, дамыта түскендей. Егер әр ата-ана өз отбасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрін терең насихаттайтын болса, оның перзенттері иманды болып өсер еді, дәстүрлі дініміздің негізгі қағидаларынан мол хабардар болар-ды. Мұның өзі оның ата дінімізді адас-пай табуына, жат пиғылды ағымдар лебін бірден аңғаруға жол ашар еді, деп ойладық. Ана тіл, ата дәстүр иман жолына жетелер еді ғой.
DSC_1240Жиын модераторы Қуаныш имам сөз кезегін осы форумға арнайы келген ҚМДБ өкілі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сма-йыл Сейітбековке берді. Ол алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораздың бүгінгі форумға сәттілік тілегенін айтып, оған қатысушыларға жолдаған сәлемін жеткізді.
Экраннан Бас мүфти сөзі тыңдалды. Ол ата дініміздің ұстанымы мен қасиет-қағидаларын айта келіп, осынау қазынаны халқымызға дұрыс жет-кізіп, түсіндірудегі имам-молдалар қызметіне жан-
жақты тоқталды. С.Сейіт-беков осыдан бір апта ғана бұрын болып өткен
республикалық форумда
сөз болған мәселелерді алға тартып, онда қабыл-данған жаңа құжаттар мәнісін баян етті. Еліміздегі діни басқарманың алғаш құрылуы, Қазақстан мұсылмандарын басқарған бас муфтилер, жалпы ата дініміздің елімізде даму тарихы туралы деректер келтірді. Бүгінгі имамдар жұмысының мақсаты, оның нәтижелілігі жөніндегі пікірлерін ортаға салды.
– Бүгінгі имам тек қана діни рәсімдерді ғана атқарушы болмауы керек. Ол жан-жақты білімді, теріс ағымдар өкілдерін теріс пиғылдан қайтара алатындай білікті маман болуы тиіс. Бабаларымыз ұстанған дін жолын дәріптеп, қадір-қасиетін ұғындыра алатындай, жұрт ұйитын уәжді сөз айта алуы қажет, – деді ол: – Осы Көкшенің тумасы Науан Хазірет сияқты тұлғалардың өмір жолдары, ұстанымдары, сіңірген еңбектері жамағатқа кеңінен айтылуы керек.
Шешен «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына тоқталып, оның әр пунктіне түсінік берді.Құжат Имандылық, Отаншылдық, Білімділік, Ауызбіршілік, Еңбекқорлық, Мәдениеттілік, Әділдік сияқты жеті бөлімнен тұрса, сол жеті бөлім тағы жетіге бөлінген. Мысалы, Имандылық өз ішінен Арлы, Инабатты, Қайырымды, Ізетті, Ықыласты, Кеңпейіл, Ізгі болып бөлінеді. Міне, аты айтып тұрғандай, бұл құжатты оқи түссеңіз инабаттылық бұлағынан сусындарыңыз кәміл-ақ. Құжаттың кіріспесіне көз жүгіртсек: Шынайы мұсылманның іс-әрекеті мен мінез-құлқы имандылыққа, адамгершілік принциптерге негізделеді. Алла Тағала Құран Кәрімде «Шын мәнінде Алла әділетті, игілікті және туыстарға қарайласуды бұйырып, арсыздықтан, жамандықтан және зорлық-зомбылықтан тияды» деп адамзат баласын ізгілікке шақырған. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім» деп, ислам дінінің негізгі мақсаты адамзат баласын ізгілікке, адамзат баласын көркем мінез-құлыққа тәрбиелеу екенін баяндаған. Жүсіп Баласағұн бабамыз «Кісіге екі дүниеде пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзулік» деген» сөздерді оқисыз. Осы бірауыз сөзден-ақ тұғырнаманың мақсат-мүддесін, ұрпақ тәрбиесіне тигізер ұлан-ғайыр мақсатын аңғаруға болардай. Демек, бұл құжат түптеліп оқылып, үлкен- кішіге таныстырылып, таратылып, кең насихатталуы керек. Форум барысында дәл осы мәселенің де талқыланып, алдағы жоспарлар айтылғанын атап айту жөн.
Дін жанашыры, жазушы Жабал Ерғалиев еліміз өткен қысталаң жол, тарихи кезеңдер, Кеңес үкіметі тұсындағы дінімізге тиым салынып, діни қайраткерлердің қудалануы туралы айтты. Тәуелсіздік алып, дінге жол ашылғаннан кейін әйтеуір ізгілік жолындағы оқу ғой деген түсінік болып, кейбір жастарымыздың жат ағымдағы оқу орындарынан білім алып, түсінбестіктердің енді зардабын шегіп отырғанымызды тілге тиек етті. Қазір ҚМДБ жат ағымдарға жұмысты өрістетті. Бірақ, бұл тек қана ҚМДБ-ның шаруасы емес, қазақ қоғамының да шаруасы. Алда құрылғалы отырған насихат топтарына дін қызметкерлеріне қоса зиялы қауым өкілдерін де қосу керек, деген пікір айтты ол.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Сәбит Жәмбек қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбы, оны насихат жұмыстарына пайдалану қажеттігі жөнінде мысалдарға сүйене отырып баяндады.Әрине, әдебиетімізде ислам құндылықтарын дәріптеуге арналған сүбелі шығармалар жетерлік. Оларды ізгі мақсатқа жұмсап, көбірек насихаттар болсақ, оның тигізер оң пайдасы мол болмақ.
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев осы өңірдегі діни рәсімдердің атқарылуы, оны жүйелеу, бүгінгі таңдағы рәсімдер жағдайы туралы айтты. Өткен жылы ғана облыстық мешіт пен ардагерлер кеңесі, ақсақалдар біріге отырып жиын өткізіп, дұғаларда дастарханға етті турап әкелу туралы ұйғарым шығарған еді. Оның мақсаты – ысырапқа жол бермеу. Қазалы үйдің онсыз да қиын жағдайын ауырлата түсуіне жол бермеу. Дұғадан кесек-кесек ет таратып әкету жарасымды шаруа емес. Бұл бастаманы жұртшылық негізінен қолдады. Алайда, әлі күн ортақ ұйғарымға мойынсұнбай келе жатқан ағайын бар. Дұғада ысырапшылыққа, мақтаншылыққа жол беру жөн емес. Осыны барлық ағайын ұғынып, қолдауы керек. Қазаға жиналған, дұғаға келген жұртқа көйлек, орамал тарату қазір азайып келеді. Осы үрдісті жалғастыра беру жөн. Бұрын, қайтқан адамға биік мазар салу бәсеке болған-ды. Қазір, мазар салу да бір жүйеге түсіп келеді. Бірақ, бұл мәселеде де арасында бұзып-жарып, ортақ пікірге көнбеушілер жолығып тұр.
Облыстық жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының орынбасары Арман Бердалин бүгінгі таңда елімізде өршіп тұрған жемқорлықпен күрес мәселесінде дін қызметкерлерімен бірлесе қызмет істеу жөн екенін айтты. Сайып келгенде жемқорлықтың төркінінде тойымсыздық, қанағатсыздық жатыр. Жемқор тойым-сыздығының, жауап-кершілікті жете сезінбеуінің арқасында мемлекетке зиян келтірсе, кейін әшкереленіп, бас бостан-дығынан айырылып өз отбасына соққы жасайды. Ата-анасы уайым шегеді, жары қиналады, балалары қайғырады. Демек, жемқорлық сияқты кеселді әдеттің алдын алу бағытында біріге қимылдап, берекеге қол жеткізу керек. Қылмыстың алдын алу – мақсат осы.
Форумда одан әрі ҚМДБ шығарған соңғы, жаңа ұйғарымдар таныстырылды. Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімімен Науан Хазірет мешітінің наиб имамы Мырзабек Азатхан, ҚМДБ-ның дін қызметкерлері лауазымдары тізілімімен Ғалым мешітінің бас имамы Нұрлан Әбенұлы таныс-тырды. Мешіт қызметкері Дәулет Қайратұлы бүгінгі форум қабылдаған үндеу мәтінін оқыды.
Форум соңында ҚМДБ өкілі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Смайыл Сейітбеков Құран оқыды.
Жеткізген жаңалығы көп болған форумнан соң жиналғандар елімізге белгілі дін қайраткері Науан Хазіреттің Көкшетау қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнату рәсімі өтті. Ол жиынды Жабал Ерғалиұлы жүргізіп, Науан Хазіреттің дінімізді таратуға қосқан үлесі, қайраткерлігі, сол үшін шеккен азабы жөнінде айтты. Қоғам қайраткері Болат Жанәділов қиын
кезеңдердегі діни қайрат-керлер күресіне тоқталып, бүгінгі тәуелсіздігіміздің арқасында салынған Науан Хазірет атындағы жаңа мешіт қызметіне, оның қызметкерлерінің қызметіне сәттілік тілеп, мынау үй қабырғасына орнатылған есерткіш-тақтаның ашылуымен шын
жүректен құттықтады. «Елге еңбегі сіңген мұндай ардақтыларымызды біз ешқашан ұмытуға тиіс
емеспіз» деп қорытын-дылады ол сөзін. Қара-ғайдан салынған, қанша жыл өтсе де еңсесі түспеген бұл үйде әлі күн тұрып жатқан Зүлфия әжей бұл арада Науан Хазірет үйіне қоса, оған қарсы қонақүй, одан әрі мешіт болғаны жөнінде әңгімелеп берді. Жиналған жұртшылық бұл үйді болашақта музейге айналдыру керек деген тоқтамға келді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий