Рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды

Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған 624 қоқыс орны анықталған. Бүгінгі күні оның тең жартысынан астамы жойылды. Бұл туралы Көкшетау қаласының маңында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою мақсатында Ақмола облысы бойынша экология департаменті ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды. Қазіргі уақытта облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдық төгілген 130 үйінді анықталып отыр (жер актілері бар), оның 24-де ғана қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін рұқсат құжаттары бар. «Бүгінгі күнге облысымыздағы 10 аудан, яғни Бурабай, Зеренді, Бұланды, Қорғалжын, Целиноград, Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Астрахан және Біржан сал аудандарының орталықтарында заңдастырылған полигон жоқ. Заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының болмауы рұқсат етілмеген қоқыс орындарының қалыптасуына әкеліп соғады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша 2021 жылы ғарыштан түсірілген суреттер негізінде Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Нақтырақ алсақ, Көкшетауда – 147, Степногорде – 51, Зеренді ауданында – 67, Целиноград ауданында – 294, Аршалы ауданында – 13, Ақкөл ауданында – 22, Шортанды ауданында – 34, Біржан сал ауданында – 4 қоқыс орындары анықталып, оның ішінде 364 немесе 58 пайызы жойылды», – деді департаменттің бас маманы Күләш Рақымова. Баспасөз туры барысында Көкшетау қаласы аумағындағы заңсыз жиналған қоқыс орындары анықталып, құзырлы органдарға оны жою туралы нұсқау берілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий