Сабантой салтанаты

Жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен татар және башқұрт қоғамдық бірлестігі 17 маусымда Бұқпа тауының баурайында «Сабантой» ұлттық мерекесін өткізді. Жиналғандарды Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев ұлттық мейраммен құттықтады.

Ондағы мақсат – татар және башқұрт халықтарының мәдени құндылықтарын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге баулу. Аталған шараны қала жұртшылығымен бірге басқа да ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері тамашалады. Көпшілік назарына Қазаннан келген және жергілікті көркемөнерпаздардың қатысуымен қызықты концерттік бағдарлама ұсынылды. «Татарча көрәш» спорттық жарыстары мен халықтық ойындары өткізілді. Әсіресе, ұлттық ас үй байқауы көпшіліктің назарын аударды. Қала тұрғындарына қызықты мәдени бағдарлама ұсынғаны үшін татар және башқұрт қоғамдық бірлестігінің ұжымына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс