Сайлауалды штаб жұмысқа кірісті

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облыстық қоғамдық штабы жанынан азаматтарды қабылдау бөлмесі жұмысын бастады.

ҚР Президенттігіне үміткер кандидат Қ.Тоқаевтың қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғындарын облыстық штаб төрағасы Ғалым Бекмағамбетов қабылдап, әр мәселе бойынша қойылған сұраққа нақты жауап берді.
Облыс бойынша кандидаттың қоғамдық қабылдауына 50-ден астам тұрғындар келсе, олардың басым көпшілігі тұрғын үй алу, үй кезегіне тұру, жол жөндеу мәселелерімен келгендер. Айталық, жалғызбасты ана Гүлмира Күзбаева баспана мәселесін алға тартты. Оның мұң-мұқтажын тыңдаған партия өкілдері аталмыш мәселені бей-жай қалдырмайтындығына уәде етті. Яғни, алғашқы жарна 10 пайыз, сонымен қатар 2 пайыздық үстемемен жақын арада пәтер алуға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. – Қоғамдық қабылдауға
келген жандардың мәселелері міндетті түрде қара-латын болады. Қос баланы тәрбиелеп отырған ананың өтінішін де ескереміз. Әр бағыт бойынша баспана мәселесін шешуге тырысамыз. Ол алғашқы жарна 10 пайыздық жеңілдікпен 20 жылға дейін қарастыру. Әрине, бұл мәселе бойынша жұмыс жасап, жақын арада хабарын береміз, – дейді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Өңірде ҚР Прези-денттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныстар мен тың идеялар жинау үшін «BIRGE» жалпыұлттық акциясы өз жұмысын бастады. Акция аясында еліміздің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп өз пікірлерін білдіріп, дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған басым бағыттарды айқындауға тікелей қатыса алады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий