«Сакура» ғылыми жобасы

Токио қаласында өткен жапондық «Сакура» ғылыми алмасулар бағдарламасына түрлі халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары – 10 оқушыдан құралған Қазақстанның құрама командасы қатысты. Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігімен жүзеге асырған бұл жобада қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Ғалымжан Серіков жеңімпаз атанды.

Ақмола облысынан химиядан халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Көкшетау қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Ғалымжан Серіков барды. «Біз үшін бұл керемет тәжірибе, Жапонияда әлемнің ең мықты педагогтары Нобель сыйлығының лауреаттары бізге дәріс оқыды және де біздер ғылыми жұмыстардың прототиптерін жасауға үйрендік. «Органикалық заттардың химиялық технологиялары» тақырыбы бойынша болашақта мен республикамызды дүниежүзілік масштабта таныстырамын деген үміттемін», – дейді Ғалымжан Серіков. Атап өтсек, жапондық «Сакура» бағдарламасы Жапония мен Орта Азия елдерінің оқушылары арасында тәжірибе және ақпараттар алмасу үшін арнайы жасалынды. Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, дәл осы елдердің өсіп келе жатқан ұрпақтары ғылым және техника саласында шешуші рөл атқаратын болады. Ең мықты қазақстандық оқушылар үшін Нобель сыйлығының иегерлері күнделікті дәріс оқыды, сонымен бірге жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарына саяхат ұйымдастырылды. Балалармен бірге олардың педагог-тәлімгерлері де барды, ұстаздарға Жапония мектептерінде физика, математика және химия пәндерінің қалай оқытылатынына қызығушылық танытты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс