Сала серпілісі – біздің бірлігімізде!

Көкшетауда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Сала серпілісі – біздің бірлігімізде!» тақырыбындағы консультативтік кездесуі өтті.
«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында ұйымдастырылған кездесуге ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар филармониялары мен концерттік ұйымдарының, Халық шығармашылығын дамыту орталықтарының директорлары, өнер шеруі аясында өткізілген шеберлік сағаттарына шақырылған мамандар қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, Ақмола облысының Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени дамуы, ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінің өзекті мәселелері төңірегінде баяндамалар жасалып, саланы серпілту бағытында ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Біздің өңірде Тәуелсіздік жылдары 7 мұражай, 123 кітапхана, 107 клуб ашылды, оның ішінде 91 – мемлекеттік. 1991 жылдан бері М.Ғабдуллиннің және «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайлары салынды. Бұдан бөлек, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола қазақ музыкалық-драма театрының ғимараты қайта жаңартылды. Қазір өңірде 2 театр, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония, халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, «Көкшетау» мәдениет сарайы, 11 мұражай, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, 331 мемлекеттік кітапхана, 248 мемлекеттік клубтық кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебі жұмыс істейді, осы жылдың қыркүйек айында облыстық орыс драма театры жанынан Жастар театры ашылды. «Дәстүрлі әндер», «Ақындар орталығы» орталығын ашу жоспарланып отыр.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий