Салт-дәстүрі ортақ бауырлас халықтар

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов 5 қарашада Көкшетау қаласына келген Әзербайжан Республикасының төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Агаджавид Рамазановпен кездесіп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, Қазақстан халқының бірлігі сияқты басты құндылықтарды насихаттау мәселесі төңірегінде пікір алмасты. Әзейбаржандық меймандар осы сапар барысында облыс орталығында тұрып жатқан қандастарының өмірімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Әзербайжандық меймандар Ақмола облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасында екіжақты экономикалық байланысты одан әрі дамыту сипатында кездесу өткізді. Әсіресе, соңғы жылдары екі мемлекет арасындағы іскерлік инвестициялық ахуалдың жақсаруына байланысты экспорт көлемі күрт ұлғайды. Атап айтқанда, Әзербайжан жағы Қазақстаннан ауылшаруашылық өнімдерін көбірек сатып алуға мүдделілік танытып отыр. Кездесу барысында туризмді өркендету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс