Санаға серпіліс, іске құлшыныс әкелген

Елімізде елеулі оқиға болып, санаға серпіліс, іске құлшыныс әкелген, 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына 4 жыл толуын атап, осы уақыт аралығында жүзеге асқан игі істерді сараптауға арналған жиналыс қала активінің қатысуымен «Достар» мәдениет сарайында болып өтті. Онда Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса баяндама жасады.
Сөзін: «Бүгін шын мәнінде айтулы оқиға. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан тура төрт жыл бұрын өзінің ауқымды, тарихи еңбегін жазған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол» деп бастаған Бауыржан Сейітқалиұлы «Рухани жаңғыру» бойынша төрт жыл ішінде атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Салт-дәстүр, ғұрпымыздың жақсысын жандандырып, көнергенін жаңғыртып, бүгінгі заманға лайық, бәсекелестік қабілетке ие, қалпымызға өзге қызығатындай ғұмыр кешуге шақыратын бағдарламалық мақала тастар ой көп еді. Өткенімізді біліп, тарихымызды екшеп, болашағымызды бағдарлауды көздеген мақала көп іске, оңтайлы бастамаларға бастау болды.
«Рухани жаңғырудың» орындалу барысы жөніндегі баяндамасынан кейін қала басшысы мереке үстінде бірқатар көпбалалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттады. Олардың ішінде «Ақай» сән үйінің директоры Ғалия Алдабергенова, Красный Яр көпсалалы мектеп-гимназиясының қызметкері Нұргүл Бөкенова, Алматы Экономика және статистика институтының түлегі Гүлмира Ғалымовалар «Алтын алқа» тақса, Дана Баярстанова, Анастасия Горяева, Людмила Даутова, Айжан Жарасова, Анаргүл Мұхамедрахимова, Әсем Сұлтанғазина, Махаббат Халықовалар «Күміс алқа» иегерлері атанды. Өзінің елу жылдық еңбек жолында ақмолалықтар жөнінде талай-талай тартымды суреттемелер, мақалалар жазып, жариялаған белгілі ардагер-журналист Лариса Аитова, «Ақмола облыстық әкелер одағы» қоғамдық қоры филиалының жетекшісі Ерлан Закирьянов, «Өзім алға аттаймын» («Я сам шагаю») қорын құрушы, дәрігер-реабилитолог Гаухар Камелинова, «Мейірімді жүрек. Көкшетау» қоғамдық қорының негізін қалаушы Ирина Катухова, мұғалім Галина Марченкова, «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлнар Оразбаева, Көкше өңірінің танымал тұлғалары туралы кітаптың авторы Александр Татарский, «Жас қанаттар» Көкшетау іскер әйелдер Ассоциациясы жастар қанатының жетекшісі Раушан Тұрановаларға қала әкімі Б.Ғайса Алғыс хаттар табыстады.
Жиын соңы тартымды концертпен жалғасты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий