Саннан сапаға көшер кезең

Қала әкімі Е.Маржықпаев қала мекемелері, бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Онда өткізіліп жатқан барлық мәдени-көпшілік шаралардың сапасын арттыруға, жалпы қолға алынған қай істің болмасын түбегейлі, талапқа сай атқарылуына назар аударып, тапсырмалар жүктеді.

«Өткен жылды ойдағыдай қорытындылағанымыз, барлық негізгі көрсеткіштердің жоғары болғаны белгілі. Дегенмен, енді сол көрсеткіштердің сапасын арттырып, тереңдей түсер кез келді» деп бастады жиынды Е.Маржықпаев. Қала әкімі одан әрі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тапсырмаларын жүзеге асырудағы олқылықтарды сынға алғанына тоқталды. Демек, бұл тапсырмаларды орындау бағытындағы жұмыс жоспарлары қайта қаралып, нақтыланып, мазмұны күрделене түсуі тиіс. Бұл жұмыстар қадағаланып, тапсырылған есептер мұқият саралануы қажет. Жұмысқа әр саланың мамандары, ғалымдар мен зерттеушілер кеңінен тартылсын. Жиында сондай-ақ, қаланың экономикалық дамуы бағытындағы істер де сараланып, нақты тапсырмалар берілді. Ал, қыс айларындағы тұрғын үйлерге жылу беру, қар тазалау, мұздақ пайда болған күндерде автокөлік және жаяу жүргінші жолдарын қауіпсіздендіру, жарықтандыру мәселелері ерекше нақтыланып, арнайы тапсырмалар берілді. Аяқ астынан қалың қар түсуі, қатты жел тұруы немесе өткен жолғыдай аяз қысуы әбден мүмкін. Сондықтан, осындай жағдайларға қатысты әрбір сала үнемі сақадай сай қалыпта болуы керек. Жиынды қорытындылаған Е.Маржықпаев берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалауды да мұқият тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий